ӘБДІРАШИТ БӘКІРҰЛЫ: Байлықтың буын жастар тұрмақ, кәрісақал үлкендер де көтере алмай жатыр

3122
Adyrna.kz Telegram

Бұл заманда байлықтың буын жастар тұрмақ, кәрісақал үлкендер де көтере алмай жатыр: нан піскен кеуде, одан шыққан бу... қазекеңде бұрыннан бар еді, қазір тіптен күшейген!

Үлкендер осылай болып жатқанда - жастардың аумалы-төкпелі психологиясы оны қалай көтерсін - олар да өзара жымдасып-ымдасып, элитклубтардың көркіне айналуда.
АҚШ миллиардерлері күнделікті жұмысқа бензин үнемдейтін шағын көліктерімен, оны да өздері айдап барады дейді... Әрине, АҚШ-та миллиардтарды мемлекет есебінен емес, өз еңбегіңмен ғана табасың..., сосын ғой - маңдай термен келген дүниеге деген, жалпы еңбек адамына деген көзқарастың өзгешелігі!...
Таусылмайтын қазына жоқ. Сондықтан баланы еңбекке баулып, қаншама бай болсаң да, оны маңдай термен өз қажетін табуға үйретпесеңіз - ертең кеш болады. Бала Қапшағайдың казиносынан аса алмай қалуы мүмкін (егер оған жетпей иненің ұшында кетпесе)!.
Сондықтан, біздің бай қазақтар байлықпен бірге қазақтың асыл тәрбиесін ұмытпай, баланы өз қатарымен тең ұстамаса - дүйім жұртты бүлдіруші күшке айналады....
Баланы бүгін мектепке джиппен тасыған ата-ана, ертең оны жұмысқа самолетпен тасимын деп ойламасын...
(Бұл - оқу жылы басталғаннан бергі бақылаған көрініс. Ішімнен, "элитмектептен" аулақ жүрген жақсы ма деп ойладым... Мүмкін мұным қате де шығар?

Пікірлер