Динара Сұлтанның күйеуі лауазымды қызметке тағайындалды

4729
Adyrna.kz Telegram

Танымал әнші Динара Сұлтанның күйеуі лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атап айтсақ, Ерлан Қожасбай енді Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті қызметін атқарады.

Ол осыған дейін аталған ұйымның вице-президенті болған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сұлтан күйеуінің өзінен 17 жас үлкен екенін айтқан еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер