Жамбылдағы оқ-дәрілер қоймасында тағы да жарылыс болды

5475
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/714201d2-4b9b-47f9-9ad6-4d9ff1fcd0cc.jpeg
Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«2021 жылдың 10 қазанында сағат 7.20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді. Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта орын алды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты»,–деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии