Ресейде бесінші күн қатарынан 900-ден астам адамның өлімі тіркелді

1982

Өткен тәулікте Ресейде коронавирустық инфекциядан 962 адам қайтыс болды. Бұл туралы елдің жедел штабы мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өлімнің жаңа жағдайларының көпшілігі Мәскеуде (72) және Санкт-Петербургте (64) тіркелген.

Айта кетейік, Ресейде коронавирус құрбандарының жалпы саны 216 415-ге жетті. Пандемия басталғаннан бері барлығы 7,7 миллионнан астам адамнан Сovid-19 анықталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы