17 жастағы қыз өгей әкесі төрт жыл бойы азғындық әрекет жасағанын мәлімдеді. Белгілі болғандай ер кәмелетке толмаған қызды 13 жасынан бастап зорлап келген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
4 жыл бойы қыз анасына болған оқиғалар туралы айтып келген. Сонымен қатар ол психологтар мен мектептегі, содан кейін колледждегі мұғалімдерден көмек сұраған.
Бірақ оған сенбепті, "қиялдан" бас тартуды талап еткен, тіпті өзін-өзі
26 мая 2022 года в ЦКР состоялось совещание по вопросам информирования граждан при проведении референдума
өлтіруге әрекет жасағаны үшін психиатриялық ауруханаға жатқызып қойған. Қыз кезекті рет зорлық-зомбылық туралы хабарлаған кезде, анасы мен өгей әкесі колледжге шақырылған. Сол кезде жәбірленуші зорлықты растайтын аудиожазбаны қосқан.
Қыздың сөзінше, анасы жұмыстан келгенше өгей әкесі білгенін жасаған. Ол қарсылық танытуғаа тырысқанымен, бұл әрекеттерінің ешқандай пайдасы болмағанын айтады.
Новости по теме

"Олардың барлығы есеңгіреп қалды. Өгей әкемнен "бұл сенің дауысың ба?" деп сұрады. Ол "иә" деп мойындады. Мас болғанын айтты. Содан кейін оны полицияға жеткізді, үйге қайтып келмеді", – деп атап өтті бойжеткен.Полицияның хабарлауынша, 52 жастағы күдікті өткен жұмада ұсталған. Сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
”Адырна” ұлттық порталы