Жағдай оңалмаса кері қайтамыз: Ираннан келген қандастар шу шығарды

5719

Солүстік Қазақстан облысында Ираннан қоныс аударған қандастардың көшке көңілдері толмайды. Олар әкімдік берген жаңа үйлердің сапасына шағымданып отыр. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жаса хабарлайды. 

Ираннан Шал ақын ауданына көшіп келген Хамит Шадкам бір ай бұрын берілген баспанасының сөгілген қабырғасынан үйім бір күні опырылып ортасына түсе ме деп қорқады. Айтуынша, терезелері дұрыс жабылмайтыдықтан суық жел келеді.

Сондықтан, сапасыз салынған үйге Маңғыстау облысында қалған отбасын көшіруге қорқып отыр. Өйткені үйдің бөлмеаралық қабырғалары гипсокартоннан салынған. Есігінің жақтаулары жұлынып түсіп жатыр. Одан бөлек, еденнен де, төбеден де суық соғып тұратынын айтады.  

Олар құрылыс жұмыстары соңына дейін бітпеген үйге неге көшіргенін білмейміз дейді. Сөздерінше, жауаптылар үйіп берген уәделерін орындамаған. Бір айдың ішінде бірде-біреуі тұрақты жұмысқа орналаса алмаған. Сондықтан ішерге тамақ таппай қиналып жүрміз дейді. Оның үстіне бәріне бірдей көтерме ақы берілмейді депті. 

Аудан әкімінің орынбасары оларға ешкім ешқандай уәде бермегенін айтады. Керісінше, қандастарға қара жұмыс ұсындық, өздері бас тартты дейді. Ал көтерме ақы енді тек жоғары, не орта арнаулы дипломы бар азаматтарға ғана төленетінін кесіп айтты.

“204 мың теңге адам басына отағасына беріледі. Ең басты талап білімі болу керек. Егер диплом болмаса, оларға квота берілмейді”, – дейді Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Арман Дүйсенбинов 

Аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы салынған үйдің сапасы, бағасына сай деп есептейді. Ал қандастар көрсеткен олқылықтар жөнсіз дейді. Ираннан келген қандастар жауаптылар үйіп төгіп берген уәделерін орындамаса, бәріміз кейін қайтамыз дейді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар