Ұлттық банк алдында аштық жариялаған әйелдерді күштеп алып кетті

840

Елордадағы арнайы жедел әрекет ету бөлімшесінің қызметкерлері Ұлттық банк ғимаратына келгендерді күштеп алып кетті. Оқиға туралы жазба Жанболат Мамайдың Facebook парақшасында қозғалыс қатысушыларының аштық жариялауы басталғаннан, жарты сағат өткен соң пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сағат 18: 00 -де әйелдер аштық жариялаған болатын. Бірақ Ұлттық банк төрағасы мен ТЖРҚБ басшысының қабылдауына кіре алмады. Біраз уақыттан кейін наразыларға Нұр-Сұлтан Есіл ауданы басшысының бірінші орынбасары Марат Дубаев бастаған полиция қызметкерлері келді. Олар ҰБ ғимаратын босатуды талап етті.

18:30 шамасында СОБР қызметкерлері әйелдерді Ұлттық банк ғимаратынан күштеп шығарды.

Еске салсақ, бүгін Алматыдан сегіз әйел келіп, Ұлттық банк ғимаратында банк басшысы Ерболат Досаев пен Реттеу және нарықты дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовамен коллекторларға аударылған проблемалы несиелерді есептен шығару үшін кездесуді талап етті.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар