Тәлібтер Путинге жауап берді: Бізді ресми мойындамай, ДАИШ-ты рухтандырып қойдыңдар!

2613
Adyrna.kz Telegram

"Талибан" қозғалысының өкілдері Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдемесіне түсініктеме берді, ол Ауғанстанның солтүстігінде "Ислам мемлекеті" (ДАИШ, ИГ) содырларының болуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

15 қазан, жұма күні Путин ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Ауғанстанның солтүстігінде 2000-ға жуық  ДАИШ содырларының шоғырланғанын айтты.

- Олардың көшбасшылары Орталық Азия мемлекеттеріне, Ресей аймақтарына ықпал етуді жоспарлап отыр. Олар этноконфессиялық қақтығыстар мен діни араздықты қоздыруға ставка қояды. Террористер достастық аумағына босқын кейпіндекіруге тырысады, - деді Ресей президенті.

Путин сондай-ақ Талибанды ресми мойындауға асықпауға шақырды.

- Біз әзірге Талибанды ресми мойындауға асықпауымыз керек. Біз олармен қарым-қатынас жасауымыз керек екенін түсінеміз, бірақ біз бұған асықпауымыз керек. Біз мұны талқылап, кеңес береміз. Алайда, біз Ауғанстандағы татуласу процесін қолдап, сол елдегі жағдайды қалыпқа келтіруге ұмтылуымыз керек, - дейді Путин.

"Талибан" мәдениет комиссиясының мүшесі Анамулла Самангани Ауғанстанның солтүстігінде ДАИШ содырларының болуы туралы хабарламалар шындыққа жанаспайтынын айтты.

- Осыған байланысты айтылған қорқыныш негізсіз. ДАИШ Ауғанстанның кез келген бөлігінде халықтың қолдауына ие емес, - деді Самангани.

Өз кезегінде "Талибан" тағайындаған Үкіметтегі Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттаки Талибан Үкіметінің халықаралық қоғамдастықтың мойындамауы ДАИШ содырларының қолында екенін айтты.

- Ауғанстандағы жаңа мемлекеттің ресми түрде танылмауы ИГ үшін тиімді. Бір жағынан, шет елдер бізге ауғандықтарды елден кетпеу үшін бақылауда ұстау керектігін айтады. Екінші жағынан, олар жаңа үкіметті мойындамайды, сәйкесінше бұл ИГ террористерінің жауынгерлік рухын көтереді. Бұл Ауғанстанның да, әлемнің де мүдделеріне сәйкес келмейді, - деді Муттаки Anadolu-ға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, әлемде билікті күшпен немесе төңкеріспен басып алған мемлекеттер бар, бірақ олар мойындалған, ал Ауғанстан үкіметі "де факто"билік мәртебесіне ие.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер