Талдықорғанда муайтайдан ҚР чемпионаты өтті

2774
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғанда ерлер мен әйелдер арасында муайтайдан ҚР Чемпионаты өтті. Іс-шараға ҚР муайтай федерациясының вице-президенті Фархат Аманқұлов, Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының Бас хатшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Байкенже Белбаев, ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті бастығының міндетін атқарушы Рустам Ибраев, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбахыт Теңізбаев қатысты.

Жарыста еліміздің 11 өңірінен 200-ден астам спортшы бақ сынады. Ақтық жекпе-жек шоу-бағдарлама элементтерімен және жарық-дыбыс жабдықтарымен өтті. Бұл турнир осы жылдың желтоқсан айында Пхукет аралында (Таиланд Корольдігі) өтетін Әлем Чемпионатына іріктеуге жолдаманы сарапқа салу үшін ұйымдастырылды. Қазақстандық муайтай федерациясы спортшылар мен чемпионат қатысушыларын ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

«Үздік техника» - Әбіл Галиев, «жас, болашағы зор жауынгер» - Әлижан Қанат, «жеңіске деген жігері үшін» - Әлішер Какей, Еркебұлан Қасен, Шыңғысхан Ыбырай, «Үздік төреші» - Бағытжан Мұхамбеталиев марапатталды.

Бейресми командалық есепте 6 алтын медальмен Алматы облысының командасы бірінші орынды иеленді.
Айта кетейік, шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.
Муайтай боксы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, жауынгерлік өнер қауымдастығының Алматы облысы бойынша өңірлік филиалының және ҚР ҰҚКД қолдауымен өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер