Атыраулық таеквондошы Жансель Дениз халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

3701
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/8f52d87a9ca15192d629aa9b6724d76f_xl.jpg
Атыраулық таеквондошы Джансель Дениз Черногорияның астанасы Подгорицада өткен «Montenegro Podgorica Open 2021» халықаралық турнирінің алтын медаліна ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы
16-17 қазанда Черногорияның астанасы – Подгорицада «Montenegro Podgorica Open 2021» халықаралық турнирі өткен. G-1 дәрежесіндегі жарысқа әлемнің әртүрлі елдерінен 200-ден астам адам қатысты.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ақтық жекпе-жегінде Дениз Түркия өкілімен кездесті. Қосымша раундта еліміздің спортшысы «алтын ұпайды» ұтып алып, 2:0 есебімен жеңді.
Еске сала кетелік, қыркүйек айының соңында Жансель Дениз Түркияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии