Сыртқы істер министрлігі Кабулдағы терактіге қатысты мәлімдеме жасады

2293
Adyrna.kz Telegram

"Қазақстан 28 қаңтарда Кабулдағы дипломатиялық орамда орын алған адамгершілікке жатпайтын, нәтижесінде ондаған бейбіт адамдар қаза болған, террористік әрекетті қатаң айыптайды. Жедел жәрдем көлігін қылмыстық мақсатқа пайдалану - аса жантүршігерлік, арсыз және зұлымдық əрекет.

Қазақстан Ауғанстан халқы жеткілікті түрде зорлық-зомбылықты басынан кешкенін мәлімдей отырып, халықаралық қоғамдастықты өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мен алдын алу дипломатиясы құралдарын тиімді пайдалану арқылы осы елге қолдау көрсетуге тағы да шақырады.

Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз", - делінген СІМ сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Фото: © AFP 2018 / Wakil Kohser

Фото: © AFP 2018 / Wakil Kohse

Еске сала кетейік, кеше Кабулдағы дипломатиялық ауданда жойқын жарылыс болды.

Шабуылды жүзеге асырған лаңкес жарылғыш зат жасырынған жедел жәрдем көлігімен осы ауданға кіреберіс жердегі полиция бекетінің жанына барып, жарып жіберген.

Риа Новостидің хабарлауыншша, соңғы мәліметтер бойынша, жарылыстан қаза тапқандардың саны 103 адамға жетіп, тағы 235 адам жараланған.


nur.kz


 

Пікірлер