Түркияға бизнес бастаймын деп барған әйелдер қысым көріп жатқанын хабарлауда: “Блогер оларды алдап соққан”

29076
Adyrna.kz Telegram

Танымал қазақстандық блогерді алаяқтық жасады деп айыпталды,деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Алматы” арнасына сілтеме жасап.

"Мен мұндайды қасыма да тілемейтін едім. Шетелге келіп, ақша берген соң телефонымды тартып алды. Содан кейін олардың бірі маған Ұлдананың мінезі ауыр екенін және одан кешірім сұрағаным дұрыс болатынын айтты. Кешірім сұраудан басқа амалым қалмады", – деп мәлімдеді жәбірленуші Ақгүл Мұратқызы.

Блогер Ұлдана Ерқасым өз кінәсін мойындамаған, керісінше, өз клиенттеріне қолдау көрсетіп, шарттың барлық талаптарын орындағанын мәлімдейді. Алайда Ақтау қаласының полиция басқармасы алаяқтық фактісі бойынша арыз түскенін хабарлады. Қазір тексеру жүргізілуде. Зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

"Біз қазір курс ұйымдастырушыларын Түркияға кіріп, басқаларды алдай алмайтындай етіп депортациялауға тырысып жатырмыз. Өйткені, егер олар депортацияланса, алдағы 5-6 жылда Түркияға кіре алмайды", - деді заңгер Айгүл Орынбек.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер