Шымкентте креативті жобалар бойынша форум-көрме басталды

2060
Adyrna.kz Telegram

27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні. Осыған орай Шымкент қаласында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен және Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесі бастау алды. Екі күнге созылатын форумның алғашқысы «Қазақ ауылынан» басталды.

Мұнда келген әрбір жан-тіршілігі  қайнаған ауылға тап келгендей. Қауын-қарбыз сатқан ала тақиялы ағайын мен құмырашылардың жарнамасынан құлақ тұнады. Баба тарихынан там-тұмдап сыр шертетеін ұлттық бұйымдар көздің жауын алады.  Сауық-сайран құрған қыз-жігіттер де осы маңнан табылады. Мұның барлығы театрланған қойылым.  Қазақ өнеріне, тарихына көрсеткен қолдау қолөнершілерді марқайтып тастады.

Болатбек Бейісбеков-Қазақстан Суретшілер және Қолөнершілер одағының мүшесі

Бұрын шетелге шыққан уақытта бізде белый завист болатын. Біз де осылай жасамасқа деп..,

Ескі қалашыққа келушілер түрлі тағамнан  дәм татты.  Аспазшылар қонақтарға пісіру жолын көрсетті.

Мақсұт Исахов-Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Ең басты мақсаты-шымкенттің туризм әлеуетімен таныстыру. 8 өңірден 35 тей делегат келді. Ескі қала, этноауылмен таныстыру.

Шыны керек, бүгінде жылтырақ дүниемен елді таңғалдыру қиын. Керісінше, болмысы бөлек байырғы бұйымдар мен баба дәстүрі көпті қызықтарады. Туристтердің пікірінен осыны аңғаруға болады.

 

Г.Оңласбекова                    

Пікірлер