Еріктілер екпе салдырғандарға білезік сыйлады

1819
Adyrna.kz Telegram

«Мен қауіпсіздіктемін». Ковидке қарсы вакцина салдырған қала тұрғындарына жас еркітілер осындай жазуы бар білезік сыйға тартты. Мұндай ерекше шара бір мезетте қаладағы үш емханада өтті.

Қала деңгейінде өткен шара барысында жалпы еріктілер 200 азаматқа осындай  білезік таратып берді.  Шараны ұйымдастырушылар осылайша  екпе алған тұрғындардың қоғамға қауіпсіз екенін көпшілікке түсіндіргісі келді.

Жанайым Полат – дәрігер-инфекционист

Вакцина салдырғаннан кейін 7 күн өткен соң иммунитет пайда болады. Ауру жұқтырғанның өзінде вакцина салдырған адам оны жеңіл өткізеді. Мутацияға ұшыраған коронавирус аса қауіпті, әйтсе де вакцинаның күші алдында әсерін азайтады. Коронавирусқа қарсы вакцина қабылдау – өміріңді сақтайды...

Гүлнәр Кенжеалиева бүгін екпенің екінші компаниентін алды. «Алғашқысын салдырғанда ешқандай жанама әсер байқамадым», дейді қала тұрғыны. Зейнеттегі ананың айтуынша, отбасындағылар түгел екпе ектірген. Өйткені, Вакцина қауіпсіз өмір сүруге жасалған бір қадам.

Гүлнәр Кенжеалиева – Шымкент қаласының тұрғыны

Айта кетейік, егу науқаны басталғалы бері қалада 521 078 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 420 725 адам вакцинаның екі компонентін алды. Қазірде қаладағы эпидемиялогиялық жағдай тұрақталып келеді.  Дегенмен медицина мамандары,  босаңсуға болмайтындығын ескертуде. Барынша сақтық шараларын сақтап, карантин режимін қатаң ұстануға шақырады.

 

Г. Қалмырзақызы                                    

Пікірлер