Еуропалық банк Моңғолияға 2.2 млрд доллар қаржы құймақ

2479
Adyrna.kz Telegram

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Моңғолияда құрылғаннан бері елдегі 116 жобаға 2,2 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Бұл туралы Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитай бастаған ЕҚҚДБ делегациясымен кездесуде Президент У.Хүрелсух мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Кездесу барысында тараптар Моңғолия мен ЕҚҚДБ арасындағы экология, жасыл даму, инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздері және бизнес саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Харгитай ханым Моңғолия мен ЕҚҚДБ арасындағы болашақ ынтымақтастығы негізінен цифрландыру, жасыл экономика, ауылды дамыту және жас кәсіпкерлерді қолдау сияқты салаларға бағытталатынын атап өтті. ЕҚҚДБ тәжірибе алмасуға және климаттың өзгеруіне қарсы күрес, атап айтқанда декарбонизация саласында нақты зерттеулер жүргізуге дайын екенін білдірді.

Климат пен жасыл дамудың жаһандық мәселе екеніне тоқталған Президент У.Хурелсух Моңғолия жалпы ішкі өнімнің кем дегенде бір пайызын қоршаған ортаға жұмсау саясатын жүзеге асырып, бір миллиард ағаш отырғызу науқанын бастағанын айтты. Ол Президенттің іс-шаралар жоспары, Үкіметтің іс-шаралар жоспары және «Көзқарас 2050» ұзақ мерзімді бағдарламалық құжаты «ТДМ 2030» бағдарламасына сәйкес келетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы кездесуде талқыланған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ЕҚҚДБ-мен барлық аспектіде ынтымақтасуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, атап айтқанда, шөлейттену мен шаңды дауылмен күресте ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер