Қызылжарда бес бірдей азамат 17 жастағы қызды зорлады деп күдіктеліп отыр

9040
Adyrna.kz Telegram

Қызылжарда 17 жасар қызға бір топ жігіт зорлық көрсеткен, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Күдіктілер қамауға алынды. Бірақ олардың туыстары жәбірленуші тарапқа қысым көрсетіп жатқан көрінеді.  Зәбір көрген жасөспірімнің   анасы бұл туралы «Немолчи» қоғамдық қорының порталында жариялады. Оның айтуынша,  айыпталушылардың жақындары  қылмысты жылы жауып қоюды көздейді. Бір ымыраға келгісі келеді. Бірақ ол кінәлілердің жазаланғанын қалайтынын айтты. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.  

«Аталған факті  қылмыстық кодекстің  «кәмелеттік жасқа толмаған азаматты зорлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіліміне енгізілді. Күдікті ретінде Петропавлдың 5 азаматы қарастырылып отыр. Олар қамауға алынды. Тергеу әділ болу үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды»,– деп жазды СҚО ПД баспасөз қызметі.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер