Атырауда болған атыс: үш адамның жағдайы ауыр

2790
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысындағы атыста зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша қолы жеңіл жараланған бір ер адам үйіне жіберілген. Біреуі Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді, оның да қолы зақымдалған. Қазір жағдайы тұрақты, ем алып жатыр. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты, травматология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында.

"Зардап шеккендердің бірінің миы шайқалған. Сол жақ көзі ауыр жараланған. Денесіне көп оқ тиген. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр, нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр.

Тағы біреуі миы шайқалып келді. Миына жеңіл дәрежеде зиян келген. Көп оқ тиген. Сол қолтығы кесілген. Қазіргі уақытта жағдайы орташа ауыр, орташа, нейрохирургия бөлімінде жатыр.

Үшінші ер адамданың кеуде қуысына бірнеше оқ тиген, оған қоса басы мен бетіне тиген. Сол көзі зақымдалған. Жағдайы орташа ауыр, орташа, шұғыл хирургия бөлімшесінде ем алып жатыр", - деді денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер