Қарағанды-Егіндібұлақ тас жолында автобус өртеніп кетті

4806
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды-Егіндібұлақ тас жолында автобус өртенді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Автобус вахта жұмысшыларын тасымалдаған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жолаушылар мен жүргізуші көліктен шығып үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.

Өртенген автобустың суреті әлеуметтік желіде пайда болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Karaganda | Караганда (@karaganda.city)

- 31 қазан 15:46-да Қарқаралы ауданында "Қарағанды-Егіндібұлақ" тас жолының 30-шы шақырымында автобустың өртенгені туралы хабарлама келді. Автобустың өртенген жалпы аумағы 24 шаршы метр. Өрт 17:37-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер