Қарағандыда ЖШС директорына оқ атылды

2556
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда ер адам ЖШС директорына тапаншадан оқ атты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

27 қазанда сауда кәсіпорындарының бірінде қару қолданылған жанжал болды.

Оқиға орнына жеткен полицейлер кәсіпорында ЖШС-нің 30 жастағы директоры мен белгісіз біреудің арасында жанжал туындағанын анықтады. Жанжал барысында шабуылдаушы Wasp травматикалық тапаншасынан оқ атқан. Оқ жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жатудан бас тартып, емдеу мекемесіне жүгінген.

Кінәлі деп танылған 29 жастағы жігіт ұсталды. Күдікті өз күнәсін мойындады. Травматикалық тапанша тәркіленді, делінген ақпаратта.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер