Мамин әкімдерге қатаң талап қойды

2732
Adyrna.kz Telegram

Мамин өңірлерде карантинді сақтауды тапсырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Sputnik.kz мәлімдемесі бойынша, Мамин республикада эпидемиологиялық жағдай жақсарып келетінін атап өтті. Барлық өңірде вирус жұқтыру деңгейі, ауыр жағдайдағы науқастар, стационарда және амбулаторияда ем алып жүрген пациенттер саны азайған.

"Дегенмен көрші елдердегі жағдайды да ескеру керек. Барлық өңірде шектеу шараларын сақтауын қамтамасыз ету қажет. Мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуге тиіс", - деп мәлімдеді премьер-министр үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол вакциналау қарқыны айтарлықтай жақсармағанын атап өтті. Қазіргі уақытта 8,3 миллионнан астам адам бірінші компонент, ал 7,5 миллион адам екінші компонент алған.

Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарына вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.

Бұған қоса, әкімдіктер мен денсаулық сақтау министрлігіне емдеу мекемелерінің қоймасындағы дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға тексеріс жүргізіп, олардың қажетті көлемін қамтамасыз етуді тапсырды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер