Шымкент: жыл басынан бері 552 мыңнан астам адам екпе салдырды

2867
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/66d22a37-d5eb-409c-ac44-7b2e0bf5047e.jpeg
Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 35 994 науқас анықталды. Емделіп шыққан науқастардың саны – 34 476. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 46 жағдайы тіркелген. Қазір 18 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 28-і үй бақылауына алынды. Сонымен қатар, қалада 45 екпе нысаны жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін 1-ші компонентпен 552 393, 2 – ші компонентпен 519 914 адамға егілді. Айта кетейік, қаланың медициналық ұйымдарында коронавирус індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Комментарии