Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы атанды

2734
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов 2021 жылы Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

51 келіге дейінгі салмақтағы финалдық жекпе-жекте америкалық Роско Хиллді жеңді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Бибосыновқа берді (5:0).

Осылайша қазақстандық боксшы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды. Бұған дейін Теміртас Жүсіпов 48 келі салмақта әлем чемпионы атанған болатын. Сәкен Бибосынов финалға барар жолда Хасанбой Дусматов (Өзбекстан), Дипак (Үндістан), Ривас Мартинес (Колумбия) және Танарат Саенгпетаны (Таиланд) басып озды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер