Қазақстан құрамасы оқ атудан Азия чемпионатының командалық есепте көшбасшысы

1291
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте оқ атудан 14-ші Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық біріншілігінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 алтын медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен отандық спортшылар көш бастап келеді.

Екінші орынды 5 алтын, 8 күміс, 4 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан құрамасы, үшінші орынды 5 алтын, 3 күміс алған Индонезия құрамасы иеленді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өткен Азия чемпионатына құрлықтың 10 елінен барлығы 176 спортшы қатысты.

Пневматикалық винтовкадан атудан командалық жарыста да Юрий Юрков, Ислам Усеинов және Алексей Клейменов жеңіске жетті. Аралас командалық сайыста Ирина Локтионова мен Эльдар Иманқұлов күміске қол жеткізді.

Азия чемпионатының үздік мергендері Ислам Үсеинов (жеке, командалық, Қазақстан Республикасының рекорды), Эльдар Иманқұлов (жеке және командалық), Зухра Ирназарова (жеке), Никита Шахторин (жеке және командалық, жасөспірімдер арасындағы ұлттық рекорд) болды. Юрий Юрков нәтиже көрсетті.

Пікірлер