«Еңбек» бағдарламасына халықтың сенімі артып келеді

2083
Adyrna.kz Telegram

«Еңбек» бағдарламасына халықтың сенімі күннен-күнге артып келеді. Сондықтан да аталған бағдарлама арқылы жұмысқа орналасушылардың саны өсуде. Оның ішінде тұрақты жұмысын тауып, тіршілігін жалғастырып жатқандар да өте көп.

Бұл туралы Шымкенттің Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекованың 9 айлық есебінде де айтылды.

Есепте көрсетілгендей басқармада 2021 жылы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Бүгінгі күні 19 347 адам жұмысқа орналасқан.

Ал «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік курсына бағдарламаның І бағыты бойынша 2 675 адам 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына, ІІ бағыты бойынша 2 155 адам оқытуға жіберілді. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 53 адамға шағын несие беріліп, 584 адамға мемлекеттік грант берілді.

Бағдарламаның ІІІ халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағыты бойынша жұмыстар өз нәтижесін беруде. Бұл бағыт бойынша бүгінде 8 168 адам бос және жаңа жұмыс орындарға, 336 адам әлеуметтік жұмыстарға жолданды.
Ал жастар практикасына 2 531 адам, қоғамдық жұмысқа 2 845 адам және 115 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы бойынша 24 айға жолданды.

Сондай-ақ, басқарма басшысының есебінде өз есебінде халықты әлеуметтік қорғау бағыты бойынша осы жылдың І, ІІ және ІІІ тоқсаны бойынша 87 264 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің төленгені де айтылды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер