Министрлік бензин қоры жеткілікті екенін айтады, ендеше бағасы неге қымбат?

3063
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/210504152700193a3784211i.jpg
Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармайдың үздіксіз өндіріліп жатқанын,  бензин халықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге жеткілікті екенін жеткізді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz-ке" сілтеме жасап.
"Қордың көлемі халықтың бензинге деген сұранысын толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Осы жағынан алғанда, бензин тапшылығының орын алуына негіз де, алғышарттар да жоқ", - деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік енді жанар-жағармай құнының негізсіз өсімі мен нарықта жасанды тапшылық туғызу фактілері тіркелсе,  тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатынын жеткізді.  

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии