Жантүршігерлік жол апаты: Алматыда төрт көлік қақтығысты (фото)

4835
Adyrna.kz Telegram

Алматыда төрт көліктің қатысуымен жан түршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеп.

Жол апаты Байтұрсынов көшесінің Әйтеке би мен Гоголь көшесінің қиылысқан тұсында орын алған. .

Ford көлігінің жүргізушісі тоқтай алмай, бар жылдамдықпен келе жатып Mitsubishi Lancer көлігіне соғылған. Соққыдан Lancer Mitsubishi Montero астына түсіп, Монтеро Фольксваген Пассаттың алдын соққан.

Жол апаты салдарынан Mitsubishi Lancer жолаушысы зардап шекті. Оқиға орнында жол полициясы мән-жайды анықтауда. Оқиғаның себептері нақтылануда.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер