Қарағандыда 5 жылға сотталған әйелді 10 кітап оқығаны үшін бостандыққа жіберді

3110
Adyrna.kz Telegram

Сотталған әйел 10 кітап оқып, мерзімін үш жылға қысқартты, деп хабарлайды "Адырна” ұлттық порталы. 

Қарағанды ​​облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар қаңтар айында ерекше жоба – «Шектеусіз оқу» жобасын бастаған.

Жобаның мәні сотталғандар белгілі бір кітапты оқып, кейін түсінгенін әңгімелеу барысында немесе эссе жазу арқылы өз білімдерін көрсетуі керек.

Жобаға қатысқандардың бірі – АК-159/9 мекемесінің тұтқыны Лидия.

«Шектеусіз оқу» жобасы туралы біліп, оған алғашқылардың бірі болып белсене қатысты.

«Бірнеше көркем әдебиет кітаптарын оқып, олардың мәнін өз түсінгенінше жеңіл айтып берген соң ол одан әрі жігерленді. Барлығы 10 кітап оқып, екі ынталандыру алған Лидия шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды», - деді АК-159/9 мекемесі басшысының орынбасары Назира Қадирова.

Әйел салық төлеуден жалтарғаны үшін 5 жыл жазасын өтеп жатқан. Қарағанды ​​облысының әйелдер колониясында екі жылы өтті. Лидияның осы жобаға қатысып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін мерзімі үш жылға қысқартылып, қазір бостандыққа шықты.

«Мен 216-бап – Салық төлеуден жалтару бойынша жазамды өтеп жатырмын. Мен құрылыс компаниясында жұмыс істеп, бес жылға сотталдым.Жобаны естіп, жақсы жаңалық екеніне қуандым.  Ал бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылдым. Мен осы жобаның жетекшісіне шын жүректен алғысымды білдіргім келеді », - деді Лидия.

«Шектеусіз оқу» жобасына қазір 50-ден астам сотталушы қатысуда.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер