Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогының "қола" медалі үшін күреседі

3990
Adyrna.kz Telegram

Баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасы «В» дивизионындағы командалар арасындағы Азия кубогының финалына жолдама алуға және Иордания құрамасынан есесін қайтарудың шақ алдында болды. Өкінішке қарай, жартылай финалдық бәсекеде есе жіберіп, енді үшінші орын үшін бақ сынайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

ҚР ҰОК ресми сайтының хабарлауынша, қазақ қыздары қарсыластарына барынша қарсы тұрды. Бірақ соңында сәттілік турнир қожайындары жағында болды.

Қазақстандық құраманың  қарсыластары бастапқы лақтыруда жеңіске жетіп, бірінші шабуылда-ақ есеп ашты. Баскетболшыларымыздың жауабы көп күттірмеді, олар ойында алғашқы үштікті соғып, алға шықты. Екі команданың ойынындағы келесі бірнеше шабуылдар нәтижесіз қалды, содан кейін қарсыластар біртіндеп алға шыға бастады.

Ойынның екінші жартысы нәтижелі  болды деуге келмеді. Соңғы үш минутта паркет қожайындары ширектегі алғашқы ұпайларға қол жеткізіп, айтарлықтай нәтижелі өнер көрсетсе де, Қазақстан құрамасы да дес бермеді. Бірінші таймның аяқталуына он секунд қалғанда есеп тең болғанымен, соңғы шабуыл Иорданияда қалды – 28:26.

Қазақстан құрамасы финалға өте алмай, енді үшінші орын үшін матчқа шығып, бірінші жартылай финалдық кездесуде Ливан құрамасынан жеңіліп қалған Индонезиядан есесін қайтаруға тырысады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер