Ұлыбритания: Ресеймен соғыс басталуы мүмкін

3213
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/1583614416_0_131_2552_1567_600x0_80_0_0_2b5dc85eefbf9dd3d68805f4c4df8fd0.jpg
Британдық генерал Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынас қырғи-қабақ соғыс кезіндегіден де шиеленіскенін айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Daily Express  басылымының хабарлауынша, Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынас қырғи-қабақ соғыс кезіндегіден де шиеленісіп кеткенін Ұлыбританияның қорғаныс министрі генерал сэр Ник Картер мәлімдеген.
"Бұл "кездейсоқтық" соғысқа әкелуі мүмкін", - деді британдық генерал. Оның айтуынша, елдер арасындағы бәсекелестіктің сипаты шиеленістің күшеюіне алып келеді.
"Біз кейбір саясаткерлеріміздің жаугершілік мінезінің салдарынан қақтығыстың өршуіне әкеп соқтыратын жағдайларға жол бермей, сақ болуымыз керек", - деді Картер.
Бұған дейін Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі Польша мен Беларусь шекарасына әскер жіберген болатын.  

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии