Танымал аралас жекпе-жек боксшысы Қуат Хамитов франциялықтардың қазақстандық футбол құрамасын 8:0 есебімен ойсырата жеңуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
- Қазақстандағы футбол – жеңіл жүрісті қыз секілді, пайдасы болмаса да оларға ақша төлеу тоқтатылмайды. Алайда бәрінің үстінде шалдар отырған сыңайлы, олар жастардың ісіне мұрын сұққаннан басқа ешнәрсе білмейді. Футболға кететін қаражатты ауру адамдар мен тұрмысы төмен жандарға бөлген әлдеқайда орынды, – деп жазды Қуат Хамитов.
Айта кетейік, қазақстандық футбол құрамасы Франция футболшыларынан 0:8 есебімен жеңілді. Бұл қазақстандық спортшылардың тарихтағы ең сәтсіз ойыны. Осылайша, Париждегі жеңілісімен Қазақстан құрамасы антирекордты жаңартты.Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Адырна" ұлттық порталы