14 қарашада Кабулда «Талибан» қозғалысы американдық және ресейлік тікұшақтардың трофейлік бронетранспортерлерін қолдана отырып әскери шеру өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters-ке сілтеме жасай отырып.
Шеруге ондаған американдық m117 құрышпен қапталған машиналары, Ми-17 тікұшақтары қатысты. Көптеген сарбаздар американдық M4 автоматтарымен қаруланған.
Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Энаятулла Хорезмидің мәлімдеуінше, бұл шеру жаңадан дайындалған 250 сарбаздың шығарылуымен тұспа-тұс келгенін және "Талибанның" көтерілісшілер күшінен тұрақты армияға
В Шымкенте запущена производственная линия Coca-Cola: новая веха в развитии промышленности и инвестиций
айналғанын көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ "Талибан" олжаларын есептеп, Ауғанстандағы билікті басып алғаннан кейін топтың әскери әлеуетін бағалаған болатын. АҚШ барлау қызметінің алдын-ала бағалауы бойынша, содырлардың қолында 2 мың доңғалақты бронды техника, HMMWV армиялық жол талғамайтын көліктер және 40-тан астам ұшақ, соның ішінде UH-60 Black Hawks тікұшақтары мен ScanEagle дрондары бар.
Новости по теме

"Адырна" ұлттық порталы