Ерзат - республикалық ойындардың жеңімпазы

1711
Adyrna.kz Telegram

Шымкент мектептерінің оқушылары Халақаралық спорт додаларында ел мақтанышына айналып жүр. Сондай жас спортшының бірі - Ерзат Каналбаев. Ол қаламыздағы №23 мектеп-лицейінің 9 сыныбында оқиды. Жастайынан спортты жанына серік еткен Ерзат қалалық, республикалық ойындардың жеңімпазы.

Ерзат Каналбаев «Дүниежүзілік мектеп ойындары» атты Сербия қаласында өткен таэквандодан ІІІ орын иеленді. Ол 20-25 мамыр аралығында таэквандодан Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 49 келі салмақ дәрежесінде І орын алғаны үшін дипломмен марапатталған.
Сондай-ақ, 2018 жылгы Шымкент каласында өткен республикалык спорт мектеп интернат арасындагы турнирінде 3-орын, 2019 жыл республикалык Астана ашык турнирде 1-орын иеленген. Қазіргі таңда Ерзат Каналбаев «кандидат мастер спорта» атағын иеленуде. Әлі талай байрақты бәсекелерде Ерзаттың жеңіс тұғырынан көрінетініне сенім білдіреміз.

Пікірлер