Шортандыда газдан 11 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты

2174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/b860a206-a693-45b0-a6ed-ff8c24627365.jpeg
Кеше Ақмола облысының Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Сағат 21:38-де Шортанды кентінің №18 байланыс пунктіне полиция бөлімінің кезекшісінен газ баллонның жарылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге ТЖД 35 қызметкері мен 7 техникасы, «Жер Ана» ЖШС МЕӨҚҚ-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды»,– делінген хабарламада.
Барақ үлгісіндегі пәтерде өрт шығып, шатырын толықтай жалын шарпыған. Өрттің аумағы шамамен 350 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 22-35-те ауыздықталып, сағат 23:55-те толық сөндірілді. Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Тағы он адам түрлі дене жарақаттармен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Ақмола о,лыстық тергеу-жедел тобы және зерттеу-өрт зертханасы жұмыс істеуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии