«Есекке мініп, қой бағуға шыққан»: 12 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

16742
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/22c3cb19-345c-4435-8f4d-9bff202db274.jpeg
Қызылорда облысының Полиция департаменті 12 жастағы жасөспірімге іздеу салады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қарашаның 16-сы күні сағат 09:10 шамасында ​ Қазалы ауданы, Кәукей ауыл­дық округі, Ажар елді мекенінің тұрғыны 22.11.2009 ж.т. кәме­летке толмаған Дәуле­тбай Жанарыс Ғалымжа­нұлы есекке мініп, елді мекеннің кезекпен бағылатын шамамен 200 бас қойын шығыс беткейдегі 10 – 15 шақырымда орналасқан «Үш ағаш» деген мал жайылымдық жерге қар­ай бағыт алып, үйіне қайта оралмаған»,– деп мәлімдеді облыстық ПД.
​ ​ ​ Шұғ­ыл түрде оқиға орнына жеткен полиция қыз­меткерлері іздестіру жұмыстарына кірісті. Жасөспірімнің ерекше белгілері: бойы​ 140 – 150 см, дене бі­тімі арықтау, ​ шашы қара. Үстінде қызыл түсті куртка, сары түсті сырмақ шалбар, қара қалпақ, аяғында қара қыстық аяқ – киім. ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ауа – райының күрт өз­геруі іздестіру жұмы­старын қиындатуда. Жоғалған жасөспірім​ туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда​ Қызылорда облысы Полиция деп­артаментіне,​ Қазалы аудандық полиция бөліміне​ «102» арнасына, 8 (72438)21-5-17, 8-702-884-68-88, 8-702-892-05-01 ​ шұғыл түрде хабар­ласуларыңызды сұрайм­ыз.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии