Орыс транскрипциясында "Алма-Ата" делінгені дұрыс сияқты — Төлеген Мұхамеджанов

2461
Adyrna.kz Telegram

Белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Алматы қаласының атауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Сұхбат барысында қоғамның айшықты мәселелері және саясат жайында сөз қозғалып, түрлі пікірлер айтылды. Нартай Аралбайұлы Мұхамеджановтан Олжас Сүлейменовтың Алматы қаласының атауын "Алма-Ата" деп өзгертуге қатысты білдірген пікіріне деген көзқарасын сұрады. Оған Төлеген Мұхамеджанұлы:

"Оның ешқандай артықшылығы жоқ. Өйткені біз Москваны "Мәскеу" деп айтамыз ғой қазақтар. Қазақтың транскрипциясында Пекинді "Бейжің" деп, Стамбулды "Ыстамбұл" деп те атаймыз. Орыс транскрипциясы болуы мүмкін "Алма-Ата" деген. Ал қазақшасы - Алматы. Ауыстырудың қажеті жоқ, бірақ орыс транскрипциясында "Алма-Ата" делінгені де дұрыс сияқты. "Алма-Ата" деген атау өте жағымды, жақсы естіледі. Бұл арада үлкен айқай-шу жасап, Олжастың айтқанын да жоққа шығаруға болмайды. Орыс транскрипциясы болуы мүмкін, орыстар айта берсін, басқа ұлт өкілдері айта берсін" деп жауап берді.

Толығырақ видеода:

Пікірлер