Ердоғанға “Түркі әлемінің” картасын сыйлады, құрамында Ресей де бар

3695
Adyrna.kz Telegram

Ұлтшыл қозғалыс партиясының (ҰҚК) жетекшісі Девлет Бахчели Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Ресейдің 20-ға жуық аймағын қамтитын «Түркі әлемінің» картасын сыйға тартты. Партияның Facebook-тегі ресми парақшасында екі саясаткердің сыйлықпен түскен суреті жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бахчелидің айтуынша, «түркі әлеміне» Ресейдің оңтүстік аймақтары – Қырым, Кубань, Ростов облысы және Солтүстік Кавказ республикалары, Шығыс Сібір кіреді.

Картада басқа да бірқатар елдер көрсетілген. Атап айтқанда, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан және Түркіменстан аумақтары қызыл түспен белгіленген. Балқан және Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағының бөліктері сары түспен көрсетілген.

Ердоған да, Бахчели де картаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Шілде айында Қырым татарларының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясының басшысы Эйваз Умеров Түркияны өз саясатында дәйекті болуға, Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп тануға шақырған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер