Жастармен еркін жүздесу өтті

1563
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығы Еңбекші аудандық бөлімшесінің ресми ашылу рәсімі өтті. Жиынға қатысқан аудан әкімі Досбол Есілбек, аудан әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев, Шымкент қаласы ішкі саясат, отбасы және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев жастармен кездесті.

Қонақтарға бөлімшенің қызмет атқару мүмкіндіктері таныстырылып, алдағы уақытта атқарылар іс-шаралардың жоспары баяндалды.

Досбол Күздікбайұлының айтуынша, қазіргі таңда жастар саясатына жеткілікті көңіл бөлініп келеді. Осындай жастар бөлімшелерінің жұмысы қала әкімінің тікелей бақылауында жүзеге асырылуда. "Жастарды жұмыспен қамтып, қоғамдық шараларға белсене жұмылдыру мәселесі басты назарда тұр" деді басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов.

Еркін форматта өткен кездесуде жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Аудан әкімі өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін берді.

Пікірлер