Шымкент: Бақытты отбасыға баспана

870
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары «Шаңырақ» бағыты бойынша беріліп жатқан пәтерді 2 пайыздық жеңілдікпен ала алады. Аталған мүмкіндікті төлем қабілеттігін растаған, баспана іздеу үстіндегі немесе негізгі тізімге енген үміткерлерлер пайдалана алады.

Азаматтар бағдарламаға өтінішті 15 қыркүйек пен 13 қазан аралығында baspana.otbasybank.кz сайтына жолдауы керек. Айта кететін жайт, мұндай жеңілдіктер тек биылдан бастап жүзеге асырылуда.

«Бақытты отбасы» бағытына қатысқан, қосымша (резерв) тізімде болған адамдар өтінішті жалпы шарттарға сай бере алады.

Диана Біржанова

Пікірлер