АҚШ: Қытай БАӘ-де құпия әскери нысан салып жатыр

3490
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың барлау қауымдастығы Қытай Абу-Даби маңындағы порт аумағында жасырын түрде әскери нысан салғанын айтты. Бұл туралы THT Wall Street Journal жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алғаш рет БАӘ астанасы маңындағы күдікті әрекеттер туралы ақпарат шамамен бір жыл бұрын БАҚ-та жарияланды. Содан кейін шыққан деректер сенімді емес деп саналды, бірақ 2021 жылдың көктемінде түсірілген спутниктік суреттер америкалық билікті Қытай портта әскери қондырғы салып жатыр деп сендірді.

Джо Байден әкімшілігі БАӘ билігіне Қытайдың елде әскери қатысуы екі мемлекет арасындағы байланысқа қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

«Таяу Шығыс Америка-Қытай бәсекелестігінің негізгі алаңына айналуда. Сонымен қатар БАӘ осы аймақтағы Америка Құрама Штаттары үшін негізгі серіктестердің бірі болып есептеледі. Соңғы уақытта Қытай БАӘ-мен экономикалық байланыстарын нығайтты. Мұның бәрі Қытайдың елге басып кіруін АҚШ мүдделері үшін одан да қауіпті етеді»,– деп жазады басылым.

16 қазанда британдық Financial Times газеті Бейжің тамыз айында Ядролық қаруды алып жүретін Жаңа гиперсониялық зымыранды сынап көрді деп мәлімдеді. Осыдан кейін Байден бұл мәселеге алаңдаушылық білдірді. Өз кезегінде ҚХР СІМ ресми өкілі Чжао Лицзян тамыз айында Үкімет ғарыш аппараттарын сынақтан өткізгенін айтты.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер