Шымқаладағы ұлттық дебат турниріне аудандық іріктеу өз мәресіне жетті

2958
Adyrna.kz Telegram

Әдістемелік орталық пен "Өрлеу" БАҰО АҚ ТО ШПБАИ бірлескен іс-шарасының негізінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге орай өткізілетін Республикалық дебат турниріне 7 қазан күні "Өрлеу" БАҰО АҚ ТО ШПБАИ базасында Әл-Фараби ауданына қарасты білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында аудандық іріктеу турнирі өтіп, өз мәресіне жетті.Турнирге қазақ лигасынан – 22, орыс лигасынан –16, ағылшын лигасынан – 10, барлығы 48 команда қатысты.Турнир білім алушыларға шешендік сөз өнері, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруды, ақпаратты дұрыс талдауды, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау, нақты жауап беруге, патриоттық сезімге баулуды мақсат етті. Дебат барысында тараптар дәлелді жауаптар мен ұтымды ойларын ортаға салды. Нәтижесінде:
Қазақ лигасы бойынша: I-ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ -"Аңыз адамдары" –БИЛ-1, II-ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ- "ФОРТУНА" Пушкин атындағы №1 мектеп – гимназия,III-ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ -"Құрылтай"- №1Дарын, "Өркен" -N75мектеп - гимназия.
"Үздік спикер" номинациясы дипломын Тәжібаев атындағы
№47 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Салыбек Шұғыла, "Үздік фракция" номинациясы диппломын" Талапты жастар" командасы иеленді.
Орыс лигасы : I- ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ “Зият” – Пушкин атындағы №1 мектеп –гимназия, II -ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ “Pro et contra” -№20 мектеп,
III- ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ “Республиканцы” -№45 мектеп, “Болашақ”-№14 мектеп.
“Үздік фракция” номинациясы дипломын -“Одиум” командасы- Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы иеленді.
Ағылшын лигасы: I -ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ “Constellation “ –Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия, II-ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ “БИЛ-1”, III-ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ “Total creativity “-№75 мектеп-гимназия, “Leader”- Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия.
“Үздік фракция” номинациясы- “Stars” –«Болашақ» мектебі, “Үздік спикер”номинациясы дипломымен №75 мектеп-гимназаиясының 10 сынып оқушысы Жұматбаева Ұлбала марапатталды. Жеңімпаздарға алдағы болатын қалалық іріктеу турнирінде сәттілік тілейміз

 

Пікірлер