Павлодарда жаңа жылды тойлауға 80 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалмақ

1364

Павлодарда биыл жаңа жыл мерекесін тойлауға 80 млн теңгеден астам қаражат жұмсалмақ, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алу порталында екі бірдей лот жарияланған. Бұған қаланы түрлі диодты шамдармен әрлеп, шыршаны безендіру қарастырылған. Шаһар әкімдігі жаңа жылға дайындықты ерте сәуірден бастапты. Содан бері екі рет конкурс жариялап үлгерген.

«Павлодарды жаңа жыл қарсаңында жарық диоды шамдармен безендіруге 58 млн 240 мың теңге бөлінді. Бұған қаладағы саябақтар, скверлер, орталық жағалау алаңы, көшелер мен ғимараттардың қасбеті жарықтандырылатын болады. Бұдан бөлек 3 шыршаны әсемдеуге 16 млн. 600 мың теңге бөлінді»,– деді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы