Шымкентте екі жылдан соң ауыз су мәселесі толығымен шешіледі

1465
Adyrna.kz Telegram

Екі жылдан кейін Шымкентте ауыз су мәселесі толығымен шешімін табады. Бүгінде шаһардағы бес елдімекен халқы тасымалданатын сумен қамтылып отыр, Ал жеті учаскеде тіршілік нәрі кесте бойынша беріледі.

Бүгінде қалада су құбырын тарту жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде жыл соңына дейін мыңдаған жергілікті тұрғын ауыз суға қол жеткізеді.

«Құрсай» шағынауданы тұрғындарының үйлеріне су құбыры 1 жылдан соң толықтай тартылады деп күтілуде. Биыл мердігерлер миллиардтан астам теңгені игеруді жоспарлап отыр. Бүгінде құбырлар жүргізілуде.

Руслан Жақыплв, мердігер компания қызметкері: «Бізге берілген сомасы 747 миллион 1 жылға. Осы жылдың соңына дейін жүзеге асыры үлгереміз. Бұл жерде 747 миллион «Құрсай – 1» проекті бойынша. Екіншісі, «Құрсай-2″. Бұл жерге 700 миллион теңге бөлініп тұр осы жылға. Екеуін қосқан кезде 1 млрд 447 миллион теңге».

Бұл жаңа су қабылдау станциясының құрылысы жүргізілген нысан. Жұмысты газ құбырына жақын қауіптілікке байланысты тоқтатуға тура келген. Билік басқа жер телімін беріпті. Құрылысшылар бұл тапсыру мерзіміне еш әсер етпейді деп сендіреді.

Руслан Жақыпов, мердігер компания қызметкері:» Берген міне, қазықтар қағылып тұр.  Репермен келген осы координат қағаз бойынша ештеңе жоқ деп көрсетілген. Сондықтан, біз өзіміздің жұмысымызды бастап кеттік істейміз деп. Бірақ бастап кеткенде осындай ситуацияға түсеміз деп ойлаған жоқпыз. Осы жерден 100-250-лік газ өтіп жатыр. Мынаның жанында тағы да өтіп жатыр 500-дік трубамен «КазТрансГаздың» айтуы бойынша».

Коммуналдық қызметкерлер нысан жұмысы ұзаққа созылмайды деп отыр. Су тарату станциясы үшін бос жер учаскесі 10 метр қашықтықта орналасқан. Сондықтан қосымша қаражат қажет емес.

Боранбай Болатбеков, Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы: «Қаламызда 81 елдімекен ішінде 69 елдімекен сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Ал енді 5 елдімекен кестемен ішіп отыр. Және 7 елдімекен тасымалды ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Аталған елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 14 нысан жұмыс атқарып жатырмыз. 14-тің ішінде 3 магистралдық линия, 11 ішкі орамдық құрылымдық жүйесі жүріп жатыр».

Пікірлер