Ауғанстанда белгісіз жандар тәлібтерді қырып кетті

2720
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанның шығысындағы Джелалабадта қаруланған белгісіз адамдар "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) бес мүшесін өлтірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, қарулы екі адам тәлібтерге тиесілі Corolla көлігіне шабуыл жасап, қозғалыстың бес мүшесін өлтіріп, кейін қашып кеткен.

Талибанға шабуыл Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік басқармасының (NDS) жанында болғаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айында Ауғанстан астанасында үш теракт болды. Кабулдың батысында 17 қарашада екі жарылыс болды, онда лаңкестер көліктерді жарып жіберген. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы алтауы жараланған, оның ішінде үшеуі — әйел.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер