Саакашвили 50 күндік аштығын тоқтатты

3121
Adyrna.kz Telegram

Грузияның түрмедегі экс-президенті Михаил Саакашвили 50 күндік аштық акциясын тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

Медициналық кеңес мүшесі Нино Шарашенидзе Саакашвилидің тамақты схема бойынша алып жатқанын, денсаулығының тұрақты екенін айтты.

"Науқасқа барлық тиісті емдеу шаралары жүргізіледі. Тиісті емдеу тактикасын әзірледік. Бұл процеске тек кеңес мүшелері ғана емес, республикалық аурухана дәрігерлері мен гастроэнтерологтар да қатысты. Науқас схема бойынша тамақ ішіп жатыр. Денсаулығы тұрақты", - деді дәрігер журналистерге.

Саакашвили бас ауруына шағымданған, дәрігерлер оны мұқият бақылап отыр. Бұған дейін саясаткердің қан құсып, әлсіздігінен түрмеде төсегінен тұра алмай жатқаны хабарланған болатын. Бір айдан астам аштық жариялаған бұрынғы президент түрмеде есінен танып қалды деген де ақпарат тараған.

Еске салайық, Саакашвили 1 қазаннан бастап аштық жариялады. Содан кейін саясаткер азаматтық ауруханаға ауыстырса, аштық жариялауды тоқтатуға дайын екенін айтқан еді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер