Шортандыдағы жарылыс: 13 жастағы бала көз жұмды

5415
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысы Шортанды кентінде болған қайғылы оқиғада зардап шеккен 13 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы 20 қарашада сағат 21.34-те Шортанды кентінде газ баллонының жарылуынан зардап шеккен 2008 жылы туған Ж.О. кәмелетке толмаған бала Нұр - Сұлтан қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған. Кейін зардап шеккендер арасында балалар да бар.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер