Байден 2024 жылы екінші мерзімге сайлауға түспек

2665
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

АҚШ Президенті Джо Байден мен оның жақын ортасының өкілдері соңғы күндері 79 жастағы американдық көшбасшының 2024 жылы екінші мерзімге сайлауға түсу жоспарын қолдайтындарына сенім білдірді. Бұл туралы "The Washington Post" газеті жазды.

Қараша айында USA Today агенттігі мен Суффолк университеті жариялаған сауалнама сайлаушылардың тек 38%-ы қазіргі Мемлекет басшысының жұмысын қолдайтынын, ал көпшілігі оның келесі сайлауға қатысуына қарсы екенін көрсетті. Байденнің өзі жарысқа қатысқысы келеді, 2024 жылы ол 82 жасқа толады. Алайда көптеген бақылаушылар демократтар 57 жастағы Камала Харриске бәс тігетінін айтады.

Газет түсіндіргендей, қолдаушыларды Мемлекет басшысының Ақ үйде тағы бір мерзімге қалуға деген ұмтылысына сендіру әрекеттері көптеген демократтардың Байденнің келесі сайлауға қатыспауы мүмкін деп болжауына байланысты жасалуда.

Атап айтқанда, оның жасы дауыс беру кезінде 82-ге толады. Тағы бір аспект, рейтингтің төмендеуімен байланысты. Бүгінгі күні ел тұрғындарының шамамен 40%-ы ғана Байденнің Президент ретіндегі жұмысын мақұлдайды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер