Ғарышкер: Бөгде ғаламшарлықтар бар

3960
Adyrna.kz Telegram

Ғарышкер Антон Шкаплеров өзге ғаламшарлықтарды көрмесе де, оларға сенетінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Біз Құдай Иемізді көрген жоқпыз, бірақ оның бізді көріп, қорғайтынына сенімдіміз, бұл сөзсіз. Мен өзге ғаламшарлықтарды көрген жоқпын, бірақ олардың бар екеніне сенемін. Біз ғалам сияқты шексіз кеңістікте жалғыз бола алмаймыз, - дейді ғарышкер.

ТАСС жазғандай, қазіргі уақытта Шкаплеров ХҒС-да Роскосмостың ғарышкері Петр Дубровпен, NASA астронавттары Марк Ванде Хай, Раджа Чари, Том Маршберн, Кайла Баррон және ESA астронавты Маттиас Маурермен бірге 66-шы ұзақ мерзімді экспедиция құрамында жүр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер