МАХАТ САДЫҚ: Salem Social Media азғындықты насихаттауға бет бұрғандай!

2990
Adyrna.kz Telegram
Salem Social Media (Салем Сошиал Медиа) — құралғанда Жастарымызды ізгілікке бастаймыз деп биліктен Бата алған еді… Қаражат сан ғасырлар ата-бабаларымыз білектің күші, найзаның ұшымен қорғаған қасиетті жеріміздегі мол байлықты сыртқа сатудан түсетін ақшаның салықтан босатылатын миллиардтарынан делінген!

Salem Social Media қазір рейтинг қуып ізгілік емес азғындық, топастық, мәңгүрттік тақырыптарды насихаттап кетті. Кешегі “Братаны”, бүгінгі адам жегіштері Жастарды ынжық, надан, деструктивті бағытқа бұруда. Оны біздің “Бабло-блогерлеріміз” тиын- тебенге саудаланып, көкке көтеріп мадақтауда.
Өте өкінішті! Ойланатын тақырып! Америкада да мұндай сериалдар көп. Бірақ ондағы идеялар жалпыадамзаттық құндылықтар мен әділдік принципінен ауытқымайды.
Salem Social Media (Салем Сошиал Медиа) сериалдарын күшпен насихаттап көрген жастарымыз Тәуелсіздігімізді қорғауға, Ұлттық кодымызды жаңғыртуға жарамай қала ма деп қорқамын. Депрессивті, ертеңге сенімсіздік, келешекке күмәнмен қарауға тәрбиелейтін дүниелерді түсірудің мақсаты не? Түсінбейтін темалар көбейіп барады, Идеология тізгінін тартқан ағайындар ау!!!
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер