Мектеп директоры: Сәуле Омарова мектепті алтын белгіге бітірген жалғыз түлек

3861
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тағы жоғары лауазым қызметкері, қандасымыз Сәуле Омарованың балалық шағы туралы Оралдағы №21 орта мектеп директоры айтып берді. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Лаура Шаркубенованың әңгімесіне сүйенсек, Сәуле Омарова - өз қатарластарынан озық болған әрі мектепті алтын белгіге бітірген жалғыз түлек.

"Құжаттарға қарасақ, барлық жаратылыстану ғылымдары бойынша мектеп олимпиадаларына Сәуле қатысқан", - дейді директор.

Омарова әу бастан интеллигентті отбасында тәрбие алған. Оның анасы қалалық ауруханалардың бірінде әдістемелік қызметтің жетекшісі қызметін атқарған.

"Сыныптастарының айтуына қарағанда, ол - қарапайым, аңғал, көпшіл қыз болған. Басқалардан ерекшеленбеген. Қарапайым кеңестік оқушылар", - дейді Шаркубенова.

Лаура Шаркубенова Сәуле Омарованың Бүкілкеңестік Лениндік коммунистік жастар одағының мүшесі болғанын жасырмады. Алайда қазіргі таңда бұрын болған бұл жағдайды Омарованың өзіне қарсы қолдануда. Сыныптағы 30 оқушының 12-сі аталған одаққа мүше болған.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер