"Тәуелсіздік күні қайда?": Семей әкімі қысқы безендіру мәселесін сынға алды

3473
Adyrna.kz Telegram

Семей әкімі Бақытжан Баяхметов шаһардың қысқы безендіру мәселесі қаралған жиында қалалық Сәулет бөлімінің басшысын сынға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Aikyn.kz сайтының мәліметінше, бөлім басшысы безендіру жұмыстары екі бағытта ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жаңа жылға арналып жүргізілетінін хабарлаған.

«Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күніне орай көшелерді безендіру туралы бірде-бір сөз жоқ. Қысқы безендірудің эскиздік жобалары бекітілмеген, сметалық құжаттама әзірленбеген. Бірде-бір жоба қаржылық тұрғыдан бекітілмеген»,-  деген Бақытжан Байахметов Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін сылбыр деп бағалап, бөлім басшысына қатысты жұмысқа немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жазалау шаралары қабылданатын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер